06-01-20 |
620 рет қаралған
Риддерде тау жынысы опырылып, шахтер жер астында қалды.
Риддерде тау жынысы опырылып, шахтер жер астында қалды

Риддерде тау жынысы опырылып, бір кенші қамалып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқыс оқиға кеше «Казцинк» ЖШС шахталарының бірінде болған.

Хабар жеткен соң жұмысшылардың барлығы дереу қауіпсіз жерге көшіріле бастады. Алайда осы сәтте бұрғылаушымен байланыс үзіліп кеткен екен.

Компания мамандарынан, құтқарушылар мен құзыретті мемлекеттік орган өкілдерінен жасақталған жедел штаб бірден құтқару операциясына кірісті. 6 қаңтарға қараған түні қызметкермен байланыс орнатылды. Қазіргі уақытта жұмысшыны құтқаруға барлық күш жұмылдырылуда.

– Білікті мамандар мықты техникамен іске кірісті. Оқиға орнында медициналық бригада жұмыс істеп тұр. Компания өкілдері қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетуде, – деп мәлімдеді «Казцинктің» қоғаммен байланыс басқармасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.