15-05-24 |
8540 рет қаралған
Маңғыстау облысының құрылысы басқармасының басшысы сотталды.
Маңғыстау облысының құрылысы басқармасының басшысы сотталды

Ақтау қалалық сотында «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің басшысы М.-ға және А.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы М., «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің басшысы бола тұра, «А» ЖШС-нің «Н» – мердігер компаниясымен Форт-Шевченко қаласында 260 орындық кәсіптік бағдар беру және өнертапқыштық өнер мектебінің құрылысына инженерлік қызмет көрсету және техникалық қадағалауды жүзеге асыру туралы келісім-шартты жасақтауға ықпал еткені үшін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің актілеріне қол қою үшін және жалпы болашақтағы қамқорлығы үшін «А» ЖШС-нің өкілі А.-дан 5 000 000 теңге пара алған», – делінген Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындысымен және өзге де іс материалдармен дәлелденді.

Сот үкімімен ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігімен М. кінәлі деп танылып, оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚК-тің 367-бабының 2-бөлігімен А. кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 4-бөлігін қолданып, оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.