11-06-21 |
390 рет қаралған
Министр солтүстікке қоныс аударғандардың үйлерінің сапасынан шошыды.
Министр солтүстікке қоныс аударғандардың үйлерінің сапасынан шошыды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов оңтүстіктен қоныс аударушыларға арналған үйлердің сапасыз екенін айтты.

“Біз тұрғын үйдің сапасының нашарлығы туралы бірнеше рет естідік. Шағымданып жатқандардың қатары көп. Ішкі әрлеу және жөндеу жұмыстары дұрыс жасалмағаны туралы да айтылып жатыр”, – дейді Шапкенов. 
Ол бұл мәселені шешу үшін еңбек министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп іс-шаралар жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Министр кепілдік мерзімі шеңберінде құрылыс кезінде жіберілген барлық кемшіліктерді түзетілетінін айтты. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.