01-10-20 |
460 рет қаралған
Жылқылар неге жаппай қырылып жатыр?.
Жылқылар неге жаппай қырылып жатыр?

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының бірнеше елді мекенінде жылқылар қырылып жатыр. Жұрт малға тиген белгісіз дерттің емін таба алмай қиналуда. Қожалық иелері алғашында бұл жағдайға аса көп мән бермеген. Алайда, арам қатқан жылқының саны қазір 100-ге жетіп қалды. Халықтың өз бетінше жасаған ем-домынан нәтиже болмай тұр. Ауданның ветеринар мамандары ауру бөгелектен болды деген болжам жасады.
«Биылғы жаз жаңбырсыз ыстық болды. Бұл өз кезегінде сонаның көбеюіне алып келді. Шөптің арасында сона көп болғандықтан жылқыға тиіп жатыр. Малды аман алып қалу үшін халықтың да әрекет жасағаны абзал. Сонаның жұмыртқаларын алып залалсыздандыру қажет», – дейді Жаңақорған аудандық ветеринария станциясының директоры Марат Қазыбаев.
Қазір Жаңақорған ауданында жылқы ауруының шығу себебі мен шығынын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Жұрт бұл мәселеге үкіметтің назар аударуын сұрап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.