30-05-19 |
2160 рет қаралған
Жамбылда «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобы құрықталды.
Жамбылда «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобы құрықталды

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің таратқан мәліметтері бойынша, комитеттің Жамбыл облысына қарасты департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесін құрықтаған.

Қылмыскерлер күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған.

«2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.

2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды.

ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», -деп хабарлайды ҚҰК-нің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.