22-02-21 |
770 рет қаралған
Жаңатаста балаларынан айрылған отбасыға 2 миллион теңге беріледі.
Жаңатаста балаларынан айрылған отбасыға 2 миллион теңге беріледі

«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Жаңатас қаласында өрт салдарынан 5 баласынан айырылған Әбдімәліковтер отбасына 2 миллион көмек беретінін хабарлады.

«Қор атынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғы-қасіреттеріне ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл, балалардың ата-анасы үшін де, біз үшін де орны толмас ауыр қаза. Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісе отырып, біз материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдадық», – деді қор төрағасы Руслан Сакеев.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы пәтерде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза болды.  Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған балалар 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған.

Елді есеңгіреткен оқиғаға қатысты Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатас қаласында өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты.

Кейін желіде отбасыға қатысты тың деректер шықты. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өрт кезінде қайтыс болған бүлдіршіндерге желіде  жоқтау арнады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.