17-10-19 |
1820 рет қаралған
Эстония: орыстілді солдаттар эстон тілін білуге міндетті.
Эстония: орыстілді солдаттар эстон тілін білуге міндетті

Эстонияда мемлекеттік тілді нашар білетін орыстілді содаттарды міндетті түрде эстон тілін үйрету ісі басталды. Бұл туралы interfax хабарлады.

Орыстілді солдаттарға эстон тілін үйретудегі мақсат олардың қоғамға тезірек сіңісіп, армиядағы бағытын күшейту. Мұны елдің қорғаныс күші баспасөз қызметінің басшысы Арво Йыесалу айтқан.

Қорғаныс күштері саласындағы эстон тілі курсы үш жылдан бері бар. Бірақ курсқа қатысу бұған дейін ерікті түрде болған. Ал биыл мемлекеттік тілді міндетті үйрену курсынан 310 солдат және 3,5 мың келісімшартпен жүрген әскерилер өтеді екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.