03-12-18 |
2750 рет қаралған
Грузияда мыңдаған адам митингіге шықты.
Грузияда мыңдаған адам митингіге шықты

Грузия астанасы Тбилисиде мыңдаған адам билік партиясы қолдаған кандидат Саломе Зурабишвилидің президент болып сайлануына қарсылық танытып, шеруге шықты. Акцияға қатысушылар 28 қарашада өткен президент сайлауы кезінде түрлі заңсыздықтардың болғанын мәлімдеді.

Қолдарына Грузия мен Еуропа Одағының туларын ұстаған шерушілер парламент ғимаратының алдына келіп, сайлау қорытындысының күшін жойып, мерзімінен бұрын қайта сайлау өткізуді талап етті және сайлау туралы жаңа заң қабылдансын деді.

Францияда туып өскен, елдің бұрынғы премьер-министрі, миллиардер Бидзин Иванишвилидің “Грузия арманы” партиясынан кандидат болған 66 жастағы Саломе Зурабишвили орталық сайлау комитетінің дерегінше, сайлаушылардың 59,5 дауысын алған. Ал Біріккен оппозициялық күштердің кандидаты Григол Вашадзеге сайлаушылардың 40,48 пайызы дауыс берген.

Вашадзе 2 желтоқсанда өткен наразылық акциясы кезінде шерушілерге “ұрланған сайлау” қорытындысының күші жойылуы тиіс екенін және қайта сайлау өткізу қажеттігін айтты. Оның пікірінше, билік Грузияның сайлау жүйесін қайта қарастырып, 16 желтоқсанға таман оппозициямен келіссөз жүргізу үшін жұмыс тобын құруы тиіс. Митингке қатысушыларға интернет арқылы байланысқа шығып, сөйлеген елдің бұрынғы басшысы Михаил Саакашвили “Грузияның болашағы осы алаңда анықталады” деп айтқан.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.