29-11-18 |
1700 рет қаралған
Грузияның тұңғыш әйел президенті сайланғалы жатыр.
Грузияның тұңғыш әйел президенті сайланғалы жатыр

Грузияда өткен президенрттік сайлауда тәуелсіз кандидат Саломе Зурабишвили ең көп дауыс жинап отыр, -деп хабарлайды arasha.kz Грузияның Орталық Сайлау Коммисиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Грузия ОСК-ның хабарлауынша, Мемлекетитің Орталық Сайлау Коммисиясы бюллетеннің 99,7 пайызын санағанда Саломе Зурабишвили 59,54 пайыз дауыс (1,14 миллион дауыс) жинап отыр. Кандидат жеңісін тойлауға кірісіп кетті деп жазады сайт.

Ал bbc.com сайтының қыркүйекте жазған мақаласында Зурабишвилиді билік партиясы (Грузия арманы-Грузия демократиялық партиясы) қолдап отыр. Сондықтан дәл осы кандидат президент болып сайланатын шығар деп болжаған еді.

Оппозициялық кандидат Григол Вашадзе дәл қазір 40,46 пайыз дауыс жинап отыр (779 мың адам).

Грузияның президенті заң бойынша елді 6 жыл басқарады.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.