08-04-19 |
8930 рет қаралған
Кәрім Мәсімов Қытайға барып, вице-президент Ван Цишаньмен кездесті.
Кәрім Мәсімов Қытайға барып, вице-президент Ван Цишаньмен кездесті

8 сәуірде Пекинде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай вице-президенті Ван Цишаньмен кездесті. Бұл туралы Қытайдың CCTV телеарнасына сілтеме жасап, Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Екі тарап «Бір белдеу – бір жол» жобасын жүзеге асыру жолдарын талқылаған.

Ван Цишаньнің айтуынша, Қытай президенті Си Цзиньпин мен Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық жұмыстарының арқасында екі тарап тығыз байланыс орнатып, «Бір белдеу – бір жол» жобасын бірге жүзеге асыруда жоғары жетістіктерге жетті.

Ван Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қытай халқының досы» деді.

Қытай вице-президентінің пайымдауынша, екі елдің стратегиялық байланыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, екі халықтың дамуына септігін тигізеді.

Кәрім Мәсімов екі елді стратегиялық серіктес деп атады. Оның сөзінше, Қытаймен байланысты дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаттарының бірі.

Мәсімовтің айтуынша, Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін «Бір белдеу – бір жол» жобасын жүзуге асыруға дайын.

«Бір белдеу – бір жол» жобасын Қытай президенті Си Цзиньпин 2013 жылы Қазақстан мен Индонезияға барғанын сапарында ұсынған. Қытай билігі бұл жобаны «Жаңа Жібек жолы» деп атаған. Жобаның бір бөлігі Қазақстан территориясы арқылы өтеді.

Дереккөз:azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.