17-11-19 |
630 рет қаралған
Лукашенко: Белоруссияда екі мемлекеттік тіл болады.
Лукашенко: Белоруссияда екі мемлекеттік тіл болады

Белоруссия президенті Александр Лукашенко елде мемлекеттік тіл мәселесі біржола шешілгенін айтып, Белоруссияда орыс және белорусь тілі – екі мемлекеттік тіл болатынын мәлімдеді. Бұл туралы орыс баспасөзі жазады.

«Бұл мәселені енді қозғамаңдар! Бұл мәселе осымен жабылды. Бізде екі мемлекеттік тіл бар: орыс және белорусь тілі. Украин емес, ресей емес, орыс тілі» депті Лукашенко.

Биыл Белоруссиядағы оппозициялық «Белорусский народный фронт» партиясы 2019 жылды белорусь тілі жылы деп жариялауды ұсынған. Партия белорусь тілін ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы деп атап, қазан айында болған халық санағында жұртты белорусь тілін туған тіл ретінде көрсетуге шақырған еді. Лукашенко оппозицияның және қоғамдағы белорусь тілінің жақтаушыларына қарата үнемі жоғарыдағы сөзін қайталап келеді.

Белоруссияда орыс тілі мемлекеттік тілдің бірі болып саналады. 1996 жылы орыс тілінің мәртебесін айқындау туралы референдумға қатысқан азаматтардың 83,3 % орыс тілінің мемлекеттік тіл болуын қолдап дауыс берген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.