18-11-19 |
610 рет қаралған
NYT жариялаған Қытай құжаттары: қамалғандар ешқандай қылмыс жасамаған, бірақ….
NYT жариялаған Қытай құжаттары: қамалғандар ешқандай қылмыс жасамаған, бірақ…

фото: Синхуа агенттігі

Америкалық New York Times газеті Қытайдың Шыңжаңдағы лагерьлерга қатысы бар құпия құжатты жариялады. Бұл туралы Азаттық жазады.

Басылымның жазуынша, 400 беттен асатын 24 құжатты редакцияға аты-жөнін айтпаған Қытай шенеунігі берген.

Құжаттарды зерттеген басылым Шыңжаңдағы түркітілдес ұлттарды қудалауға Қытай басшысы Си Цзиньпин бұйрық бергенін жазады.

«2014 жылы наурызда Шыңжаңда [Куньмин қаласында] ұйғырлар пойыз вокзалында шабуыл жасап, 30 адам мерт болды. Бір айдан соң Си Цзиньпин Шыңжаңға барып қайтты. Кейін ол шенеуніктермен жеке жиындар өткізіп, барлық әдісті пайданалып, терроризм және сепаратизммен күресуге бұйрық берген» деп жазды басылым.

New York Times жариялаған құжаттарда түркітілді азаматтар тұратын аудандарды ұдайы тексеру қажеттігі айтылады. Құжаттар арасында отбасы мен туыстары лагерьлерге қамалған, өздері шетелде оқитын студенттерге шенеуніктердің не деп жауап беру керегі де көрсетілген. Нұсқаулық бойынша, «Отбасым қайда?» деген студентке шенеунік «Олар үкімет құрған оқу орталығында» деп жауап беруі керек.

Олар студенттерге «Тәртібіне қарай туыстарыңның орталықта отыру мерзімі ұзаруы да, қысқаруы да мүмкін» деуі тиіс.

Нұсқаулықта «Орталықтағы сабақ қатаң бақылауда өтеді. Отырғандар әбден түзеліп шықпайынша, сыртқа шыға алмайды. Егер жақындары қаласа видео байланыс орната аламыз» деп жазылған.

Шенеуніктер орталықта отырғандарғандардың жақындарына «туысқаныңыз оқып шыққан соң өздерінің жеке бизнесін ашып не жақсы жұмыс тауып айына 3 мыңнан 5 мың юань (шамамен 427-710 доллар) пайда табады. Олар қазір бұл оқуды дұрыс түсінбеуі мүмкін, бірақ үлкен өзгеріспен шығады. Болашақта қоғамды, көршісін, достарын сыйлайтын адамға айналады. Олар тіл оқып, кәсіп меңгергені үшін ақша төлемейді. Олардың тамағын, оқуын, жатар орнын билік көтеріп алады» деп жауап беруі тиіс.

Құжаттарда «оқу орталығына қамалғандар ешқандай қылмыс жасамаған, бірақ оларды радикализм вирусынан емдеу керек» деп жазылған.

Пекин бұл құжаттарға қатысты әзірге қандай да бір комментарий бермеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.