17-03-22 |
850 рет қаралған
Қайрат Боранбаев қылмыстық іске қатысты екі айға қамалды.
Қайрат Боранбаев қылмыстық іске қатысты екі айға қамалды

Дариға Назарбаеваның құдасы – Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік сектордан аса ірі көлемде қаражат жымқыру бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Аталған қылмысты істеді деген күдікпен Боранбаев Қ.С ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген агенттік ақпаратында.

17 наурызда Қайрат Боранбаевты екі айға қамау туралы сот шешімі шыққан.

Боранбаев Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің кіші ұлы Айсұлтан Назарбаевтың әйелі Әлима Боранбаеваның әкесі.

Назарбаев әулетімен құда болған соң, Боранбаев аз уақытта өте ықпалды кәсіпкерге айналды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.