19-04-24 |
21080 рет қаралған
Алматыда экстремизмді насихаттаған төрт адам ұсталды.
Алматыда экстремизмді насихаттаған төрт адам ұсталды

Осы жылдың 17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

«Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды», -делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.