17-05-19 |
1740 рет қаралған
Алматыда ұрланған телефондар Өзбекстанда сатылып келген.
Алматыда ұрланған телефондар Өзбекстанда сатылып келген

Алматыдан ұрланған телефондарды Өзбекстанға апарып сатып жүрген екі өзбекстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзбекстандық екі азаматты полиция ұстаған кезде олардан 20 ұялы телефон тәркілеген. Жиырма телефонның әрқайсысы полицияның базасында ұрланған телефондар ретінде тіркелген екен. Өзбекстандық азаматтар ұрланған телефонды Алматыда бір адамнан 1988 жылы туған П. есімді азаматшадан арзанға алып отырғанда Ташкент қаласындағы өздерінің заңды телефон сататын орындарында саудалаған. Ұсталған азаматтар телефондардың ұрланғанын, ешқандай құжаты жоқтығын мойындаған.

Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.