Біз
әлеуметтік
желіде
12-06-25 |
330 рет қаралған
Алматыда рұқсатсыз салынған қосымша құрылыс сот шешімімен сүрілуде.
Алматыда рұқсатсыз салынған қосымша құрылыс сот шешімімен сүрілуде

Сот шешіміне сәйкес, «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніне жапсарлас заңсыз салынған құрылыс бұзылып жатыр. Бұл нысан Кенесары хан көшесі, 54/33 үйдің үшінші қабатындағы террасада тұрғызылған. Бұл туралы Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Бұған дейін жүргізілген тексеру нәтижесінде пәтер иесі – жеке тұлға ешқандай рұқсат құжаттарынсыз бір қабатты қосымша құрылыс тұрғызып, өз пәтерінің жалпы аумағын айтарлықтай ұлғайтқаны анықталған.

Заң бұзған тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда, нұсқама талаптары орындалмағандықтан, 2024 жылғы 26 тамызда басқарма Алмалы аудандық сотына талап арыз түсірген. 2025 жылғы 5 қаңтарда сот талаптарды толық көлемде қанағаттандырды.

Бүгіннен бастап сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз нысанды бұзу жұмыстары басталды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.