21-03-19 |
10920 рет қаралған
Астана атауын «Нұр-Cұлтан» деп өзгертуге қарсылық танытпақ болған адамдарды полиция ұстады.
Астана атауын «Нұр-Cұлтан» деп өзгертуге қарсылық танытпақ болған адамдарды полиция ұстады

21 наурызда Астанада қала тұрғыны Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстады. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Азаттықтың жазуынша, Сағидолдина қала әкімдігіне барып Астана атауын «Нұрсұлтан» деп өзгертуге қарсылық танытпақ болғанын айтады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қала тұрғынын екі полиция таңғы ондар шамасында әкімдікке кетіп бара жатқан жолда ұстап, полиция департаментіне алып кетті.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол «облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек» деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған. Тоқаев ұсынысын Астана қалалық мәслихаты да қолдаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.