06-05-21 |
440 рет қаралған
Біртановтың үйқамақта болу уақыты тағы ұзартылды.
Біртановтың үйқамақта болу уақыты тағы ұзартылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта отыратын уақыты 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартылды.

«Сот күдікті Біртановқа қатысты үйқамақтың мерзімін 8 айға дейін ұзарту туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі алдын-алу шарасының 8 айға дейін, яғни 2021 жылғы 14 мамырдан 2021 жылғы 14 маусымға дейін ұзартылды», – деп сот шешімін тергеу сотының судьясы Айбек Абу мәлімдеді.

Судья Біртановтың жұмысқа тұруға толық құқығы барын және туыстарынан бөлек басқа адамдармен де сөйлесе алатынын айтты.

Сонымен қатар, сот айыпталушы Біртановтың шетелде жылжымайтын мүлкі немесе жақын туыстарының шетелде тұруға ықтиярхаты болуы мүмкін деген петицияны негізсіз деп тапты.

Еске сала кетейік, кеше сот отырысында прокурор Төлеген Жараспаев Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырды және мемлекетке аса ірі көлемде – 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар мөлшерінде материалдық зиян келтірді деген күдікке ілінгенін айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.