02-07-21 |
2080 рет қаралған
Билік Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық мәселелер жоқ деп сендірді.
Билік Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық мәселелер жоқ деп сендірді

Қазақстан мемлекеттік шекарасын анықтау және белгілеу рәсімін аяқтады. Шекаралық белгілер мен бағаналар қазір елдің барлық шебінде 90 процент орнатылды.

30 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған тұста шекарасын біраз уақыт белгілей алмады. Өйткені көршілес елдермен келіссөз жүргізу оңай болмаған. Мәселен Қытаймен шекараны бөліске салу күрделі процесс болса да, даулы мәселеге 2000 жылдары нүкте қойылды, деп хабарлады КТК.

Саясаттанушылар көрші елмен қағаз жүзінде еш мәселе болмағанын, алайда қарама-қайшылықтардың Кеңес одағы кезінен бері басталғанын айтады. Бауырлас жатқан Қырғызстан бірауыздан келіскенімен, Түрікменстан, Өзбекстанмен келіссөздер біразға созылыпты.

Ұзақ жылдар бойы бес мемлекеттің басшылары Каспий су шекарасын талқылады. Үш жыл бұрын Ақтаудағы саммитте теңіз құқықтық мәртебеге ие болды. Ал елдің солтүстік өңірлерін басып алу төңірегіндегі қауесеттерді сарапшылар негізсіз дейді. Себебі Қазақстан мен Ресей арасында мемлекетаралық мәселелер жоқ.

«Егер бізді посткеңестік кеңістіктегі басқа елдермен салыстыратын болса, онда ешқандай ел шекара мәселесін Қазақстан шешкендей шеше алмағанын көруге болады. Шекарадағы қайшылықтарға байланысты барлық елде дау-дамайлар, тіпті қарулы қақтығыстар болды. Қазақстан бұған жол берген жоқ. Бұл, әрине, тұңғыш президенттің жүргізген мақсатты, дәйекті жұмысының еңбегі», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.