22-04-19 |
4280 рет қаралған
Ерлан Тұрғымбаев: Олар бұл әрекетімен спорттық шараны өткізуге кедергі жасады. Сол үшін ұсталды.
Ерлан Тұрғымбаев: Олар бұл әрекетімен спорттық шараны өткізуге кедергі жасады. Сол үшін ұсталды

Алматыда өткен марафонда плакат ілгені үшін 15 тәулікке қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековке қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді, деп хабарлайды sputniknews.kz

«Кеше екі азамат ұсталды. Білесіздер, Алматы қаласында марафон өтті, ірі қалалық марафон, оған 17 мың азамат қатысты. Осы трассаның бойында екі азамат Толымбаев пен Тулесова плакат ілген. Олар бұл әрекетімен митинг, шеру және демонстрация өткізу туралы заңнаманы бұзып отыр. Плакатты іліп жатқанда, адамдар тоқтап, видео және фотоға түсіре бастады. Сөйтіп, марафонды өткізуге кедергі жасады. Саяси ұран болған жоқ. Бұған сайлаудың қандай қатысы бар? Спорттық шара өтіп жатты. Ол алдын ала жоспарланған еді, қалада хабарландыру ілініп тұрды. 17 мың спортшы қатысты. Сол кезде екі адам плакат алып шығып, спорттық шараны өткізуге кедергі келтірді. Бұл заңды бұзған болып саналмай ма? Заңды бұзды деген сөз. Олар бұл әрекетімен спорттық шараны өткізуге кедергі жасады. Сол үшін ұсталды, сотқа жеткізілді, әкімшілік кодекстің 488-бабына (Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу) сәйкес әкімшілік қамауға алынды» депті министр.

Қайыра айтсақ, кеше кешке Алматыда азаматтық белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековты Алматыда өткен марафон кезінде “Шындықтан қашып құтылмайсың!”, “Әділ сайлау үшін”, “Менің таңдауым бар” делінген жазуы бар плакатты жол шетіне жайып, ұстағандарды үшін сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 488 бабының 3 тармағына сәйкес айыпты деп танып, 15 күнге қамауға шешім шығарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.