Қарағанды облысында екі дәрігерді соққыға жықты деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
«Оқиға 12 маусымда Қарағанды облыстық балалар ауруханасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы облыс тұрғыны ауызша жанжал кезінде екі дәрігерге дене жарақатын келтірген. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген жұма күні таратылған хабарламада.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау көзделген. «Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлжымай орындалуы қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш көрсету – жол беруге болмайтын, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деп бағаланады», – деп толықтырды полиция өкілдері.