Наурыз бен сәуір айларында елімізде тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық партиясының» белсендісі Аружан Дүйсебаева өзінің YouTube арнасында Шымкентте наурыз мерекесін тойлауға бюджеттен 595 миллион теңге бөлінгені жайлы видео жариялаған еді.
Дүйсебаева видеода Шымкент қалалық мәдениет үйінің жетекшісі, танымал әнші Сәкен Майғазиевке қатысты «ұрлау», «тонау», «жемқор», тәрізді сөз тіркесін қолданып, айыптады.
Сәкен Майғазиев өз кезегінде заңға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып, құқықтық негізде сотқа жүгінді. Қоғам белсендісінің үстінен шағым түсірді.
15 шілде күні алғашқы соталды отырыс өткені белгілі болды. Сот барысында екі тараптың татуласуы туралы мәселе қарастырылған.
Танымал әнші қоғам белсендісіне «Қазақтың әп-әдемі, сүйкімді қызысың ғой, мұндай тірлік саған жараспайды қарындасым. Сені 70% ақтап алуға тырыстым, біреу дайындап беріп соны айтқан шығарсың», – депті.
Әрі әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрап, екі видеоны да өшіруді талап еткен. Алайда Аружан Дүйсебаева ымыраға келуден үзілді-кесілді бас тартқан.
Сәкен Майғазиев сот алдында берген сұхбаттарында ақша табу немесе кресло үшін келмегенін, ол басқаратын мекемеге аудит ұйымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келіп тексеріс жүргізіп, белсенділер айыптағандай заң бұзушылықтар анықталмағанын мәлімдеген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жанболат Мамайдың өзі және оның жұбайы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке қатысты жалған ақпарат таратты деп айтпалып, сотта жеңілген еді. Сот азаматтық белсенділердің жария дәлелсіз айыптаулары Байбектің ар-намысы мен абыройы нұқсан келтірді деп танып, әлеуметтік желіде саясаткерге қатысты таратқан видеоларын өшіруді міндеттейтін шешім шығарған.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024