14-05-24 |
4050 рет қаралған
Павлодар облысында оңтүстіктің халқын солтүстікке орналастыруға бөлінген қаражат ұрланған.
Павлодар облысында оңтүстіктің халқын солтүстікке орналастыруға бөлінген қаражат ұрланған

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыру) бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілері анықталғанын мәлімдеді.

Бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген (үй сатып алу үшін 50% өтеледі, бірақ 4,2 миллион теңгеден аспайтын). Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған.

«Нәтижесінде қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалады, халық көшіп кеткендіктен, облыста 59 елді мекен жойылған. Тек 6 ауданда ғана 600 млн  теңгеге шығын анықталды», – делінген хабарламада.

Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізуде.

Тексеру жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.