14-12-21 |
390 рет қаралған
Полицияда кешірім сұрап, желіде тарап кететін видеолардың заңдылығына заңгер күмән келтірді.
Полицияда кешірім сұрап, желіде тарап кететін видеолардың заңдылығына заңгер күмән келтірді

Жазаланушының рұқсатынсыз полицейлердің ұсақ қылмыс жасап жауапкершілікке тартылғандарды видеоға түсіріп, ел алдына кешірім сұратып шығаруын заңгер Марат Баширов өзгенің құқығына қол сұғу екенін айтты, деп хабарлайды  «Информбюро»

 

Қоғамдық тәртіпті бұзып, өзгенің мүлкіне қол салғандар тиісті жазасын алуға міндетті. Дегенмен сол жазамен қоса, көп жағдайда бұзақылық жасағандардың ел алдында кешірім сұрайтын видеолары желіде тарап кетеді.

Бұл туралы заңгер Марат Баширов егер қылмыскердің келісімінсіз мәжбүрлі түрде түсіртсе, бұл – адам құқығын таптау дейді.

“Полицейлер мұндай әрекетті көбінесе рұқсатсыз жасайды. Сондықтан инстаграм, фейсбукке салынған нәрселер – конститутциялық заң бұзушылық. Жазаланушыны әкімшілік жауапқа алынды, жаман адам, бұзақы деп көрсету дұрыс емес”, – дейді Марат Баришов.

Алматы қаласының полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рутам Абдрахманов өзінің инстаграм парақшасына жауапкершілікке тартылған азаматтардың фотосуреттерін үнемі жариялайды. Ал мұның қаншалықты заңды екеніне толық жауап бермеген.

Жалпы ұрлық жасап, қоғамдық жерлерде заңсыз әрекет еткендер әкімшілік жазаға тартыла отырып, видео, сурет арқылы кешірім сұрауы өз еріктерімен бе, әлде полицейлердің қалауыымен бе, ол жағы белгісіз. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.