Алматыда спортшы Денис Теннің өлімі бойынша өтіп жатқан сот процесінде прокурор сотталушыларға түрме жазасын сұрады. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор Қуандық Досов Денис Тенді өлтірді деген күдіктілер Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті 20 жылға, ал «қылмысты хабарламады» деген күдікті Жанар Толыбаеваны 4 жылға соттауды сұрады. Прокурордың айтуынша, сот процесінде сотталушылардың айыбы толық дәлелденген.
Прокурор бұған қоса жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына Қиясов пен Құдайбергеновтің әрқайсысынан 30 айлық есептік көрсеткіш (немесе АЕК, бір айлық есептік көрсеткіш – 2525 теңге), Толыбаевадан 20 АЕК өндіруді сұрады.
Денис Теннің өлімі бойынша негізгі сот процесі 3 қаңтарда басталған.
24 жастағы Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов «қарақшылық» және «кісі өлімі» баптары бойынша айыпталып отыр. Сотталушы, 23 жастағы Жанар Толыбаеваға «қылмысты хабарламады» деп айып тағылған. Құдайбергенов пен Толыбаева 11 қаңтарда сотта өздеріне тағылған айыппен келіспейтініні мәлімдеп, соттан айыпты өзгертуді сұраған. 14 қаңтар күнгі сотта Нұралы Қиясов «Мен кінәмді толық мойындаймын, алайда, біз кісі өлтіреміз деп алдын ала жоспарлаған емеспіз» деген.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда пышақталып, ауруханада қаза тапқан. Спортшыны қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер пышақтап, ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Ол көлігінің айнасын ұрлаған адамдарды тоқтатпақ болған кезде жараланған.
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
05.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024
-
04.11.2024