11-04-24 |
8050 рет қаралған
Қазақстан Медиа Альянсы судьяның шешіміне қатысты пікір білдірді.
Қазақстан Медиа Альянсы судьяның шешіміне қатысты пікір білдірді

Қазақстан Медиа Альянсы  резонансты тақырыпта ақпарат таратудағы БАҚ өкілдерінің ролі мен міндеттері, жауапкершілігіне қатысты өз пікірін үнемі білдіріп келеді.

Еске салсақ, суицид тақырыбында ақпарат таратудағы БАҚ өкілдеріне арнайы нұсқаулық ұсынған болатын.

Қазір елімізде де, шетелдік БАҚ-та да Бишімбаевқа қатысты сот отырысы резонанс тудырған тақырыптың бірі.

Атышулы сот отырысына төрелік етуші судья бүгінгі сот отырысына  БАҚ өкілдерін  қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Оған желіде алқабилерді түсірген кадрлардың таралуы себеп болғаны айтылуда. Әрине,  судьяның осы орайда қабылдаған шешімі заңды.

Жалпы алқабилерді фото және бейнекадрға түсіріп, оны көпшілікке жария етуге заңда тыйым салынған. Бұл әрекеттің соңы алқабилерге қысым жасауға әкеліп соғатын салдары бар.

Қазақстан Медиа Альянсы мұндай жағдайға алаңдаушылық білдіріп  отыр, сол себепті БАҚ өкілдерін  резонанстық тақырыпта ақпарат тарату барысында заңнамада көрсетілген талаптарды сақтауға барынша шақырады.

“Қазақстандық Медиа Альянс” қоғамдық бірлестігі

Атқарушы директор

Қ.А. Сахариянов

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.