27-06-22 |
390 рет қаралған
ШҚО-да 7 қызметкер жемқорлықпен ұсталды.
ШҚО-да 7 қызметкер жемқорлықпен ұсталды

Шығыс Қазақстанда көлікті бақылау инспекциясының 7 қызметкері жемқорлық қылмысы үшін ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, облыстық көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері сыбайлас жемқорлықты жүйелі түрде жасаған.

Олар жүк тасымалдаушылардан көлікті бақылау пунктінен кедергісіз өту және өңір аумағында еркін жүріп-тұру мүмкіндігі үшін 10 мыңнан 300 мың теңгеге дейін пара алып отырғаны белгілі болды.

«Көлікті бақылау инспекторлары тексеру іс-шараларын өткізу кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамаған. Атап айтқанда, инспекторлар тек көлікті тоқтату және қажетті құжаттарды талап ету барысын ғана тіркеп отырған. Бақылау процедурасының өзіне бейнежазба жүргізілмеген. Ал қолда бар 289 бейнематериалда күн мен уақыт бойынша сәйкессіздіктер анықталды», – делінген ақпаратта.

ШҚО-да соңғы үш жылда 65 полицей жемқорлықпен ұсталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.