29-06-22 |
500 рет қаралған
Қырғызстан соты Атамбаевты ақтап шықты.
Қырғызстан соты Атамбаевты ақтап шықты

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2020 жылғы қазандағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыптан  ақталды.

«Бішкектің Бірінші Май аудандық соты Алмазбек Атамбаевты 2020 жылдың қазан айында Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін кінәлі емес деп танып, қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақтады», – деді Қырғызстан соты.

Атамбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.

Сондай-ақ сот экс-президент Атамбаевтың кеңесшісі Фарид Ниязовты, елдің ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Құрсан Асановты және Атамбаевтың күзетшісі Қанат Сағымбаевты ақтады.

Атамбаев Қырғызстан президенті қызметін 2011-2017 жылдар аралығында атқарған. Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

2020 жылдың 5 қазанында Бішкекте парламенттік сайлаудың нәтижесіне наразы азаматтар көшеге шықты. Наразылықтар Ақ үйді басып алуға ұласты.

9 қазанда Бішкектегі Ала-Тоо алаңында тағы да митинг өтті, онда Садыр Жапаровтың жақтастары мен оның қарсыластары арасында төбелес болып, Атамбаевтың көлігіне оқ атылды. Кейіннен Атамбаев пен түрмеден босап шыққан басқа да саясаткерлер қайтадан қамауға алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.