30-06-22 |
740 рет қаралған
Депутаттар күзге дейін демалысқа шықты.
Депутаттар күзге дейін демалысқа шықты

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Депутаттар  1 қыркүйекке дейін парламенттік каникулға шықты.

«Екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды болды. Мәселен, Праламент палаталарының 4-ші бірлескен отырысы өтті. Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысы өтіп, онда 148 мәселе қаралды. Осы сессия кезінде қос палатаның жұмысында 127 заң жобасы болды, оның 78-і қабылданды», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Осы орайда ол Парламент қабылдаған заңдардың қазіргі уақытта 66-сына Президент қол қойып, заң күшіне енгенін атап өтті.

«Әдеттегідей депутаттар елдің басты қаржылық құжаты 2022-2024 жылдарға арналған респуликалық бюджетке және оны нақтылауға баса мән берді. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға, денсаулық сақтауға, білім беруге, инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға және басқа да маңызды мәселелерге қомақты қаражат бөлінді. 2022 жылы қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңден 60 мың теңгеге дейін өсті. Республикалық бюджетті қарау барысында депутаттық корпус азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орта есеппен 20 пайызға арттыру үшін қаражат бөлуді көздеді. Жалпы, алғанда, шамамен 1,2 млн азаматтық қызметшінің жалақысы өсті. Олардың қатарында педагогтер, медицина қызметкерлері және әлеуметтік қызметкерлер, кітапханашылар, музей қызметкерлері, орманшылар, сондай-ақ басқа саланың өкілдері бар», – деді Мәжіліс төрағасы.О

Оның айтуынша, нақтыланған республикалық бюджетте қаңтар оқиғаларының салдарын жою жөніндегі, күштік құрылымдар мен төтенше жағдайлар органдарының жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөніндегі іс-шараларды қаржылындыруға ерекше назар аударылды.

Айта кетсек, дәстүр бойынша Парламентте кезекті сессияның қорытындысы маусым айының соңында шығарылады. Сессия аяқталғаннан кейін депутаттар қыркүйекке дейін демалысқа шығады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.