01-03-21 |
560 рет қаралған
Бір үйден бес студенттің мәйіті табылды.
Бір үйден бес студенттің мәйіті табылды

Ташкент қаласының Юнусабад ауданында жалдамалы пәтерден бес студенттің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша студенттер белгісіз заттан улануы мүмкін.

Оқиға 27 ақпан күні тіркелген. Марқұмдардың бәрі де Әндіжан облысының тумалары. 20 мен 22 аралығындағы жастар.

Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, жастар бір пәтерді жалдап тұрған. Студенттер белгісіз заттан улану салдарынан қаза болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Марқұмдар туралы мәлімет:

– Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті М. У. (2000 жылы туған, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);

– Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Р. С. (1998, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);

– Ташкент Ақпараттық технологиялар университетінің екінші курс студенті Д. Г. (2000, Әндіжан облысы Ходжаабад ауданының тұрғыны);

– Ташкенттегі Сингапурдағы менеджментті дамыту институтының екінші курс студенті О.И. (2000, Әндіжан облысы Бұлақбашы ауданының тұрғыны);

– Ташкенттегі Инха университетінің бірінші курс студенті С.Х. (2000, Әндіжан облысы Кургантепин ауданының тұрғыны).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.