09-10-23 |
1210 рет қаралған
Ұлттық ұлан сарбазы өз-өзін атып тастады.
Ұлттық ұлан сарбазы өз-өзін атып тастады

ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімінде басынан жарақат алған әскери қызметші табылды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

9 қазанда 6636 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Қайсар Маратұлы Сұлтанов әскери қалашықты күзету бойынша кезекші бөлімге келді. Сағат 01:20 шамасында штаб бойынша кезекші бөлім командирі постыда тұрған қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановтың өз-өзін басынан атып, жараланғанын анықтады, – делінген хабарламада.

Жедел жәрдем келіп, оның қайтыс болғанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қызметтік тексеру жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Arasha.kz

ФОТО: azattyq-ruhy.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.