08-09-20 |
1110 рет қаралған
«Абай жолы» жобасының бесінші тарауы жарық көрді.
«Абай жолы» жобасының бесінші тарауы жарық көрді

Massaget.kz порталы “Абай жолы” видеосаммариінің бесінші тарауын жариялады.

Бұл тарауда Ырғызбай (Құнанбай) мен Жігітек (Бөжей) рулары арасындағы қырғи қабақ қарым-қатынас сипатталған. Құнанбай мен Бөжей ауылдарының араздығы үлкен қақтығысқа дейін барып, Құнанбайдың үстінен арыз жазылады. Бұл оқиғаның бәрін Абай табиғаты қабылдай алмады. Алайда Жігітек руының қызы Тоғжанға деген махаббаты оның көңіліне медеу болды.
Еске салайық, Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари жариялай бастады.
Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну. Шығармадағы 28 тарау жеке видео болып әр дүйсенбі сайын Massaget TV YouTube-арнасында жарияланады.
Қазір арнада эпопеядағы “Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда» және «Бел-белесте» тараулары бар.
Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.