23-10-20 |
560 рет қаралған
АҚШ-тың Бас консулдығы «Борат-2» фильмін ой еркіндігіне балады.
АҚШ-тың Бас консулдығы «Борат-2» фильмін ой еркіндігіне балады

Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты наразылық білдірген қазақ жастарына жауап берді.
«АҚШ үкіметі бұл фильмнің түсірілімін қаржыландырған жоқ. Азаматтардың өз ойын еркін айтуға және бейбіт жиындар өткізуге құқығы бар, АҚШ Конституциясы бұған кепілдік береді. Бұл АҚШ үшін де, Қазақстан үшін де негізгі құндылықтар деп есептейміз. Біз өз ойын ашық айтатын азаматтардың талпынысын қолдаймыз. Біздің елдердің күштілігі сонда», – делінген консулдық таратқан мәлімдемеде.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының намысшыл жастары АҚШ-тың Бас консулдығына барып наразылық петициясын табыстаған болатын. Олар қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, тіліне, діліне, бабалар өсиет етіп қалдырған салт-дәстүріне нұсқан келтіретін «Борат-2» фильмнің көрсетілімін тоқтатуды талап етті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.