10-02-21 |
630 рет қаралған
Елордада газ арзандады.
Елордада газ арзандады

Өткен жылы Нұр-Сұлтанда 100-ден аса көшеге асфальт төселіп, 40-тан аса саябақтар, скверлер мен бульварлар абаттандырылды. Бас қалада газ тарту құны төмендетілді. Алтай Көлгінов Елоданың шеткі аймақтары қалай өзгеретінін айтты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуін өткізді.

«Мемлекет басшысы тұрғын алаптарын жоспарлы түрде дамытуды тапсырды. Қалада барлығы 16 тұрғын үй алабы бар, онда 280 мың адам тұрады. Бұл – бүкіл елорда халқының төрттен бірі. Әр алап бойынша шаралардың мұқият жоспары әзірленді: бұл мектептер, медицина орталықтары, әлеуметтік баспана, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жолдар, кәріз желілері және т.б. құрылысы.

Газ тарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды: биылғы жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2 тұрғын үй алаптарынының тұрғындары, Агроқалашықтың бір бөлігі газға көшу мүмкіндігіне ие болды. Қазір Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. 300 км газ тарату желілері салынды. Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы», – деп атап өтті астана әкімі Алтай Көлгінов.

Бұған қоса, елорда әкімі жекеменшік ұйымдардың өкілдерімен бірнеше рет кездесудің арқасында, үйдің ішіне газ тарту құнын орташа алғанда 30%-ға төмендету мүмкін болғанын айтты.

Сондай-ақ, Мичурино мен Көктал-1 тұрғын үй алаптарында екі мектеп құрылысы аяқталды, тағы екі оқу орны мен екі денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүріп жатыр (Өндіріс, Промышленный). Сонымен бірге, тұрғын үй алаптарында 13,5 км инженерлік желі, 5 км астам кәріз бен су желілері, 3 км астам нөсер кәрізі салынған.

Халық арасында жаппай спортты дамытуға бүкіл жағдай жасау да маңызды. Пандемия жүйелі түрде спортпен айналысып, ағзаны нығайту керектігін көрсетті. Мәселен, 4 астаналық тұрғын үй алабында (Өндіріс, Көктал, Үркер. Железнодорожный ТҮА) ірі дене шынықтыру – сауықтыру кешендері салынып жатыр. Оларда спортпен айналысуға арналған кабинеттерден өзге қарттарға арналған клубтар, ХҚКО-лар, полиция бекеттері, пошта бөлімшелері мен т.б. орналасады. Тұрғындар бұл спорт кешендеріне тегін бара алады.

Астана «Нұр-Сұлтан – қолайлы қала» жоспары аясында дамып жатыр. Яғни, оған сай, аудандарда барлық қажетті әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым, демалыс орындары мен т.б. болуы тиіс.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.