11-11-20 |
410 рет қаралған
Ердоған ел экономикасын құлдыратқан күйеу баласын қызметтен босатты.
Ердоған ел экономикасын құлдыратқан күйеу баласын қызметтен босатты

Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған қаржы министрі және өзінің күйеу баласы Берат Албайракты қызметінен босатты. 42 жастағы жігіт осыған дейін денсаулығының нашарлағанына байланысты жұмыстан кетуге өтініш білдірген. «Министрліктегі бес жылғы қызметімнен кейін мен денсаулығыма байланысты отставкаға кетемін деп шештім. Бұл шешім сонымен бірге отбасыма көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Саяси мансаптың соңынан жүріп мен оларды елеңсіз қалдырдым», – деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында. Бұқаралық ақпарат құралдары Албайрактың қызметінен аяқ асты кетуін түрік валютасы – лирдің құнсыздануымен байланыстырады. Ердоғанның күйеу баласы қаржы министрлігін басқарғанға дейін ірі компанияның бас директоры болған. 2015 жылы Әділдік партиясының атынан Түркия парламентіне депутат болып сайланды. Албайракты қызметінен босатқан Ердоған оның арқасында мемлекеттің пандемия дағдарысында «минималды шығынға» батқанын атап өтті. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.