19-10-20 |
400 рет қаралған
Марғұлан Сейсембай Қырғызстанға көмегін ұсынды.
Марғұлан Сейсембай Қырғызстанға көмегін ұсынды

Бизнесмен, инвестор, қоғам қайраткері Марғұлан Сейсембайдың инстаграм парақшасына жариялаған постынан:

«Сооронбай Жээнбеков кәдімгідей сыйластық сезімімді оятты. Орынды, әрі мәрт әрекет! Қырғыздар елдегі тәртіп пен билікті ұстап қала алды. Берік болыңдар, бауырлар, арандатуға жол бермеңдер! Сіздің елде ақырында тұрақтылық пен тәртіп орнайды деп сенемін.
Сәттілік серік болып, істеріңіз оңынан жүрсін!
P.S. Ал шетелдік компаниялардың меншігін қайтару керек. Әйтпесе, өз ісін білетін бір де бір инвестор сіздің елге аттап баспасы анық. Тек алдамшылар мен алаяқтар ғана бас сұғатын болады. Жеке меншікке деген құрмет – нарықтық экономиканың және елдің гүлденуінің іргетасы.
P.P.S.Қырғыз бауырлар, егер сіздерге реформа жүргізу бойынша қандай да бір консультативтік көмек қажет болса, бізге – “Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесіне” жүгінулеріңізге болады. Біз сіздермен Украинадағы өз тәжірибемізбен бөлісіп, жолдарын түсіндіреміз. Маған хабарласуларыңызға болады».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.