09-11-20 |
460 рет қаралған
Мелания Трамп сайлаудан жеңілген күйеуінен ажыраспақшы.
Мелания Трамп сайлаудан жеңілген күйеуінен ажыраспақшы

Мелания Трамп ажырасу үшін күйеуінің президенттік өкілеттігінің аяқталғанын күтіп жүр. Бұл туралы бас бикенің бұрынғы көмекшілеріне сілтеме жасаған британиялық Daily Mail хабарлады.
«Мелания ажырасу үшін Дональд Трамптың қызметтен кететінін күтіп, әрбір минутты санап жүр. Егер ол қорлыққа шыдап күйеуі билікте болған кезде кетіп қалса, Трамп оны жазалайтын амал табар еді», – дейді бикенің бұрынғы көмекшісі Омароса Маниголт-Ньюман.
Меланияның тағы бір көмекшісі Стефани Волкофф ерлі-зайыптылардың неке шарты бойынша өмір сүріп, бөлек ұйықтағандықтарын айтады. Жұп президенттің ұлы Бэррон мұрадан өз еншісін алу үшін осындай әрекетке еріксіз барған көрінеді. Жалпы Дональд пен Мелания арасындағы қарым-қатынастың жасандылығы қоғамға жиі байқалып қалатын. Бір шара кезінде АҚШ президенті қолшатыр ұстап жүрсе де әйелін жауынның астында қалдырып кетті. Тағы бір ресми кездесуде Дональд әйелінің қолынан ұстай бергенде Мелания білегін сілкіп қалған жағдайлар болды. 2005-ші жылы үйленген ерлі-зайыптылардың ұлы қазір 14 жаста.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.