21-09-20 |
980 рет қаралған
«Нұр Отанның» депутаты пара алды деген күдікке ілінді.
«Нұр Отанның» депутаты пара алды деген күдікке ілінді

Жамбыл облысында Тараз қалалық мәслихатының депутатына пара алды деген күдік тағылды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров хабарлады. Халық қалаулысы құрылыс-монтаж-жұмыстарының ақшасын тездетіп аударғаны үшін жергілікті бизнесменнен 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған. Депутат 100 пайыз мемлекеттің иелігіндегі кәсіпорынды қоғамдық іспен қоса атқарған. Бұл фактіге байланысты саясаткер, бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев фейсбук желісінде мынандай пікір білдірді: «Сонда азамат әкімшілік кәсіпорны мен мәслихат депутаттығын қоса атқарған болып отыр. Осы жағдайды пайдаланып ол қаланың істерін шешкені үшін пара алған. Тараздағы мәслихат құрамының 100% «Нұр Отан» мүшелерінен тұратынын айтуымыз керек. Ал, қала әкімі «Нұр Отан» филиалының басшысы саналады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл факт жергілікті органдардың бір партияның қолында екенін көрсетеді. Барлық жерде солай. Өз адамдарын қорғаштайды, оларды сатпайды. Бұл қоғамдық және азаматтық бақылаудың жоқтығына алып келді», – деді Қазбек Бейсебаев.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.