06-11-20 |
680 рет қаралған
Польша: 16 жастағы қазақстандықты бұрынғы полицей атып өлтірді.
Польша: 16 жастағы қазақстандықты бұрынғы полицей атып өлтірді

Польшада 16 жастағы қазақстандықты отставкадағы полицей атып өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін 51 жастағы Дариуш Ч. есімді азамат қамауға алынды. Сондай-ақ, оның 41 жастағы досы, шіркеу қызметкері және ерікті өрт сөндіруші ұсталды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға Польшаның Ополе-Любельске қаласында болған. Клучковицадағы интернаттың студенттері білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан бау-бақшаға серуенге барады. Кенеттен көліктің дауысын естіген жасөспірімдер тоғай ішіне жасырынған. Осы кезде оқ атылып 16 жастағы қазақстандыққа тиген. Жергілікті Dziennik Wschodni басылымы аңшылар жасөспірімді жабайы қабан деп ойлап қалуы мүмкін деп жазды. Қазір еліміздің Польшадағы елшілігі Қазақстан азаматының туыстарымен байланыс орнатып, марқұмның денесін елге қайтарумен айналысып жатыр.

Фото dziennikwschodni.pl

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.