23-10-20 |
290 рет қаралған
Путин: Қарабақ қақтығысында 5 мыңдай адам қаза болды.
Путин: Қарабақ қақтығысында 5 мыңдай адам қаза болды

Қыркүйекте басталған Таулы Қарабақ қақтығыстары кезінде екі жақтан бес мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин «Валдай» талқылау клубында мәлімдеді.
«Қайтыс болғандардың саны екі тарапта да көп. Біздің мәліметтеріміз бойынша, екі жақтан бес мыңдай адам қаза болған», – деді Ресей басшысы.
Путин Таулы Қарабақтағы жағдай бейбіт жолмен реттеліп, тараптар ымыраға келуі тиіс деп санайды.
«Ең алдымен атысты тоқтату керек. Олардың ымыраға келгенін қалаймын. Мен президент Әлиевпен де, премьер-министр Пашинянмен де тығыз қарым-қатынас жасаймын. Олармен күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлесіп жүрмін», – деді Владимир Путин.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.