15-02-21 |
630 рет қаралған
Қ.Тоқаев: Көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда.
Қ.Тоқаев: Көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда

Тоқаев қаржы пирамидаларына қатысты Бас прокуратураға тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларын анықтауға қайта құрылған қаржылық мониторинг агенттігі де атсалысуы керектігін атап өтті.

«Мысал ретінде, көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда. Тек бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді. Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы керек»,-деді деді президент бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл жерде қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстарын пайдалануға болады. Сондықтан осы саладағы қылмыстың алдын алу үшін олармен толыққанды ынтымақтастық орнатқан жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев14 Тағы да оқыңыздар Президент: Қылмыстық топтардың кез келген іс-әрекеттерін бесігінде тұншықтыру керек

«Жалпы, прокуратура мұндай мәселелерде барынша белсенді, бастамашы болуы тиіс»,-деді Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.