05-11-20 |
380 рет қаралған
Қаракүзендерден мутацияланған коронавирус анықталды.
Қаракүзендерден мутацияланған коронавирус анықталды

Дания коронавирус індеті анықталған аң фермаларындағы қаракүзендердің барлығын қырып жатыр. Елдің премьер-министрі Метте Фредериксен онлайн баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Қазір үкімет басшысы коронавирус диагнозы расталған әділет министрі Ник Хэккеруппен бірге оқшауда отыр. Фредериксеннің айтуынша, қаракүзеннің бойындағы мутацияланған вирус адамға жұқса антиденелердің түзілуін әлсіретеді. Инфекция сонымен бірге вакцина шығару барысында да қиындық тудырмақ.
Қазір Данияның Ютландия аралындағы 207 қаракүзен фермасында ауру ошақтары анықталды. Ал, мутацияланған коронавирус 12 адамға жұққан. Қауіпті індет Дания мен оның аумағынан асып кетпеуі үшін қаракүзендерді қыруға тура келді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.