19-04-21 |
740 рет қаралған
Қазақстанда 500 мың теңгеге бала сатылған.
Қазақстанда 500 мың теңгеге бала сатылған

Қазақстандық БАҚ нәрсете сатудан бизнес жасап жүргендердің көбейгені туралы жазып, дабыл қақты. Тұрмыстың тауқыметін тартқан нәзік жандылар сәби саудасын кәсіпке айналдырып жүргені рас па? 

Балалар үйінде жетімдер азайды. Әлбетте бұл қуанарлық жайт. 10 жылда балалар үйінің тәрбиеленушілері 70 пайызға азайған. Бұрын 14 мыңнан асатын, қазір бес мыңға жуықтады. Бұл туралы «Еуразия» арнасы хабарлады.

Қызылордалық келіншек балалар үйінен бала бағып алу өті қиын екенін айтады. Оның сөзінше, елімізде балаларды перзентхана қызметкерлерінің өзі ақшаға сатып жіберетін көрінеді. Өзі де баласын дәл осылай асырап алған.

«Біздің балалар үйінде құндақтағы бала жоқ. Таба алмайсыз. Олар алып сатарлардың қолында болады. Перзентханадағы адамдардың қолында болады. Мұны бизнес десек те болады. Біз 500 мыңға өте арзанға алдық. Біз әйтеуір қазақпыз ғой. Бір қулық жасадық. Әлеуметтік желіде «заң бойынша бала асырап аламын» деп жаздым. Көп қыздар хабарласты. Алаяқ қыздар өте көп. Ана мен бала үйі деген де бар. Ата-анасының үйіне бара алмайтын жүкті қыздар барады ол жерге. Бір танысым сіңлімнің баласы жоқ деп айтса, мәселе емес екенін, сол орталықта жүрген қызды үгіттеп жіберемін де, алып келемін баланы деп айтыпты. Ақшасы болса болды деген», – дейді келіншек.

10 жыл бұрынғы есеппен салыстырсақ балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 70 пайызға азайған. Алайда асырап алғандардың 20 пайызы баланы кері әкеліп тастайтын көрінеді.

«Дүкеннен киім сатып алсаңыз, ұнамаса қайтадан апарып жіберуге болады. Ұнамаған нәрсені алсаңыз, қайтадан апарып тастап кетуге болады. Ал бала зат емес, материал емес, ол адам», – дейді әлеуметтік педагог Алтынай Әубәкірова.

Елімізде жыл өткен сайын бедеулік те артып келеді. Бала аңсап жүргендердің де қатары көп.

«Бедеуліктің басты себебі – жыныстық қатынас кезінде жұғатын аурулардың болуында. Екіншіден әрине, қоршаған ортамыз, ішкен тамағымыз, демалған ауамыз әсер етеді», – дейді гинеколог Күлзира Исламқұлова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.