10-01-21 |
590 рет қаралған
САЙЛАУ: ЖУРНАЛИСТЕР НЕ ДЕЙДІ?.
САЙЛАУ: ЖУРНАЛИСТЕР НЕ ДЕЙДІ?

Ақтөбеде парламент мәжілісі және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқанын бақылауға барған журналистердің құқы бұзылды. Комиссия төрағасы БАҚ өкілін себепсіз залдан шығарып жіберіп, суретке түсіруге кедергі келтірген.

Комиссия төрағасы тарапынан қысымға ұшырағандар қатарында «Азаттықтың» Ақтөбедегі тілшісі мен жергілікті «Диапазон» газетінің журналисі бар. Әріптестеріміз жағдайды былай баяндады.

«№116  сайлау учаскесіне редакция тапсырмасымен бардым. Орта жастағы сайлау учаскесінің төрағасы өзін таныстырудан бас тартты. Оған редакция тапсырмасын, құжатымды көрсеттім. Екі жолдан ғана тұратын мәтінді ұзақ оқыды. Кейін хатшыға баруымды сұрады. Хатшы бәрін тіркеді, жазып алды, қол қойғызды. Мұның бәрі белгілі бір уақыт алды. Сол жерде артыма қарап: «Бас санитар дәрігер талабына сай  кабина перделері ашық болу керек емес пе?» деп сұрадым. Маған бірден «шу жасап тұрсыз, бізге кедергі келтіріп жатырсыз, шығыңыз» деп қолымнан ұстап, дауыс беру залынан шығарды. «Әділ сөз» халықаралық қорына хабарластым. Қор заңгері оқиға журналист жұмысына кедергі келтіру болып табылатынын және редакция прокуратураға жүгіне алатынын айтты», – дейді «Диапазон» газетінің журналисі Альмира Әлішбаева.

Бұл жағдайға қатысты кейін сайлау учаскесінің төрағасы тілшіден кешірім сұрап, сайлау учаскесіне бірінші рет төраға болғанын айтқан.   

Ал «Азаттық» тілшісі жұмыс істеуге кедергі келтіргендердің әрекетін облыстық сайлау комиссиясының төрайымына хабарлау арқылы шешкен.

«№28 сайлау учаскесінің төрағасы Ержан Бақытбекке «Азаттық» тілшісі екенімді таныстырдым. Сайлау барысынан ақпарат таратуға келгенімді айтқанда түсірмеуімді сұрады.  Не нәрсеге сүйеніп айтылғанын, кәсіби міндетіме кедергі жасап тұрғанын ескерттім. Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіру – қылмыс! ҚР ҚК-нің158  бабында журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасау заңмен қудаланатынын түсіндірдім. Ешқандай уәх айта алмады. Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаеваға хабарлағаннан кейін ғана жұмыс істеуге рұқсат берді»,- дейді «Азаттық» тілшісі Жаңагүл Жүрсін.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.