19-10-20 |
380 рет қаралған
Саркисян Қарабақ қақтығысының бейбіт жолмен шешілгенін қалайды.
Саркисян Қарабақ қақтығысының бейбіт жолмен шешілгенін қалайды

Армения президенті Армен Саркисян Таулы Қарабақ тәуелсіздігін мойындаудың шарттарына қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Бакудың жағдайды бейбіт жолмен шешуге ниеті болмаса, Ереван Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындайды.
«Бұл тоннель іспетті. Егер осы тоннелдің соңында жарық болса – Таулы Қарабақ проблемасын бейбіт жолмен түбегейлі шешудің жарығы болса күте тұруға болады. Ал егер жарық болмаса, (яғни Әзербайжан Түркияның көмегімен келіссөзді бейбіт жолмен шешуге ынта білдірмесе), Армения Қарабақ тәуелсіздігін мойындайды», – деді Саркисян.
Армения президенті мәлімдемесін «тоннелдің соңында жарықтың сөнбегенін қалаймын» деп түйіндеді.
Естеріңізге сала кетейік, екі тарап 27 қыркүйектен бері бір-біріне оқ жаудырып, тіл табыса алмай келеді. Ал, Қарабақтағы қақтығыс 1988 жылдың ақпанында, Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан КСР құрамынан шығатынын жариялағанда басталған еді. 1992-1994 жылдардың аралығындағы қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан осы өңірдегі жеті ауданды бақылауынан шығарып алған. ЕҚЫҰ-ның Минск тобы келіссөздер жүргізгенімен жағдай реттелмеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.