04-11-20 |
1000 рет қаралған
Тазабеков «Тəлімтв» деген телеарна ашпақшы.
Тазабеков «Тəлімтв» деген телеарна ашпақшы

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабеков «Асыл арна»-ны жауып орнына «Тəлімтв» деген телеарна ашпақшы. Жаңа медиа əлеуметтік – отбасылық, ғылыми – танымдық, мəдени – ағартушылық бағытта хабар тарататын болады. «Асыл арна»-ның бас директоры бүгін фейсбуктегі парақшасында осылай деп мәлімдеді.
Осыған дейін Мұхамеджан Тазабековтің «Қазақстан» ұлттық арнасынан шыққан «Talim Trend» жобасын қоғамның қызу талқылағаны белгілі. Мәселен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек сәлафизм идеологиясын ұстанған адамның ұлттық арнада жұмыс істеуін қауіпті деп санайды. Орынбек қол жинап, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҰҚК-не петиция да жолдады. Бұдан соң Мұхамеджан Тазабеков дін насихатынан біржола бас тартқан сыңайлы. Ал, діни контент таратумен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Халық арна» айналысатын болады.

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабеков фейсбуктегі парақшасында жариялаған постынан:
«Асыл арна» жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне «Тəлімтв» деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай əлеуметтік – отбасылық, ғылыми – танымдық, мəдени – ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады. Əрі көрермендерге əлеуметтік ролдік модельдерді ұсынатын мотивациялық консервативті алаңға айналады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.