11-03-21 |
910 рет қаралған
Тоқаев: Береке-бірліктің арқасында өршіген індетті еңсердік.
Тоқаев: Береке-бірліктің арқасында өршіген індетті еңсердік

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің пандемияны өзара қолдаудың арқасында еңсергенін хабарлады.  Президент халықты әлі де сақтыққа шақырып, қауіптің  сейілмей отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік», – дейді Тоқаев. 

Алайда, коронавирус әлі де қауіпті екенін айтты мемлекет басшысы. Оған қоса, президент вирусты тек вакцина арқылы жеңуге болатынын жеткізді.  

«Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын. Вирусты тек вакцинация арқылы жеңуге болады. Мен барлық отандастарды өздеріне және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шақырамын», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.