17-03-21 |
710 рет қаралған
Үкімет шенеуніктердің ұшақ шығынына қатысты дауға жауап берді.
Үкімет шенеуніктердің ұшақ шығынына қатысты дауға жауап берді

Журналист Ербол Мәндібектің шенділердің авиациялық шығыны туралы жазбасына байланысты үкімет пікір білдірді.

Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты Премьер-министрдің баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды. 

Бұған дейін жазғанымыздай, Мәндібектің мәліметі бойынша, жыл сайын үкімет айналасындағы шенеуніктердің әуе рейстеріне республикалық бюджеттен 15-20 миллиард теңге бөлінетіні айтылған.

Өз кезегінде Үкімет мұны шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

«Іс жүзінде 2021 жылға премьер-министрі мен премьер-министрдің орынбасарлары бастаған қазақстандық делегациялардың аса маңызды ұшу сапарларын (литерлік рейстерді) жүзеге асыруға 578 млн теңге мөлшерінде шығыс қаражаты қарастырылған. Көрсетілген сома 2021 жылы көлік қызметтерін қамтамасыз етуге есептелген. Бұл ретте төлем қазақстандық делегациялардың орындалған нақты өңірлік және халықаралық ұшу жағдайлары бойынша төленеді. Мысалы, 2020 жылы осы мақсатқа 578 млн теңге қарастырылса, іс жүзінде 275,6 млн теңгеге жұмсалды» делінген Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Осылайша,өткен жылы 578 млн теңге қарастырылғанмен, оның 275,6 миллион теңгесі жұмсалғанын алға тартқан ресми қызмет премьер-министр және премьер-министрдің орынбасарларында оларға бекітілген жеке ұшақтар жоқ екенін айтқан.

Бұдан бөлек,  баспасөз қызметі ұшақтардағы ұшу уақытына қатысты түсініктемелер арқылы журналист жазған тағы бір жайтты теріске шығарды.

Дәлірек айтқанда,  ұшақта қызмет көрсетуге кіреді делінген қызыл және қара уылдырық, арақ пен виски, экзотикалық жемістер туралы ақпаратты жалған дейді.

«Ұшу ұзақтығы 1 сағатқа дейін болған жағдайда жолаушыларға алкогольсіз салқын сусындар мен снэктер, ұзақтығы 1-3 сағат болған кезде ыстық тамақ пен ыстық сусындар (шай, кофе) беріледі. Бортта тамақтандыру әрекет етіп тұрған заңнамаға – «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңына, жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсынылады» деген баспасөз қызметі журналист жазбасы «фактілерді бұрмалаудың және қоғамдық резонанс тудыру үшін жалған ақпарат таратудың тағы бір жағдайы» деп айыптайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.