30-05-19 |
1550 рет қаралған
ҰБТ 2019: Биыл қанша грант бөлінеді?.
ҰБТ 2019: Биыл қанша грант бөлінеді?

2019-2020 оқу жылында жоғары білім алу бойынша мемлекеттік білім беру гранттар саны бекітілді. Үміткерлерге 51 085 грант бөлінді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізінен гранттар техникалық және педагогикалық салаларға бөлінді.

Мамандықтарға бөлінген гранттар саны:

  1. Педагогикалық мамандықтар – 8276;
  2. Өнер – 1615;
  3. Әлеуметтік мамандықтар (журналистика, ақпарат) – 960;
  4. Бизнес – 1223;
  5. Жаратылыстану мамандықтары- 4088;
  6. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 5977;
  7. Инженерлік мамандықтар – 15011;
  8. Ауыл шаруашылығы мамандықтары – 1600;
  9. Ветеринарлық медицина – 835;
  10. Қызмет көрсету саласы – 2200;
  11. Дайындық (ҚР азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғаларға) – 2450;
  12. «Серпін» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес – 5109;
  13. Басқалар – 1641.

Гранттар еліміздің білім беру мекемелері арасында таратылатын болады.

2018-2019 оқу жылында Білім және ғылым министрлігі 53 594 грант бөлген.

Медициналық мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру грантын Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Болашақ дәрігерлерге арналған гранттар саны кейінірек белгілі болады.

Дереккөз: holanews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.