04-05-21 |
1330 рет қаралған
Тоқаевты шошытқан мектептердегі дала дәретханасы енді болмайды.
Тоқаевты шошытқан мектептердегі дала дәретханасы енді болмайды

Биылғы оқу жылының соңына дейін Қазақстан мектептеріндегі көше дәретханалары жойылуға тиіс. Бұл туралы білім министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

«Осы жылдың мамыр айының соңына дейін тапсырманы орындау мерзімі аяқталады: көшедегі санитариялық тораптар 100% жұмысын тоқтатуы керек, жылы дәретханалар болуға тиіс», – деді Аймағамбетов аппарат отырысында.    

Қазақстан мектептеріндегі көше дәретханаларын жою жұмыстары 2019 жылы Таразда оқушы зорланғаннан кейін қолға алынды. 12 жастағы оқушысы мектеп аумағындағы көше дәретханасына барған кезде зорлық-зомбылыққа ұшырады.

Оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Трагедиялық жағдайдан кейін мектеп басшылығы мен қала шенеуніктері жазаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайды нағыз масқара деп атап, барлық мектепте 2020 жылдың соңына дейін оқушыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.